Қырғызстан президентінің әкімшілігі 13 тамызда клубтар арасындағы көкбөріден әлем чемпионатының ашылуында президент Садыр Жапаров Бішкекте қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа сыйлық беретінін мәлімдеген, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап.
Президент әкімшілігі ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбеков Facebook-тегі парақшасына қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа айғырдың сыйға тартылғанын жазды.
20 тамызда президенттің менеджері Қаныбек Түмонбаев Садыр Жапаровтың сыйлығын табыс етті.
Еске сала кетсек, 13 тамызда Біржан Қалдыбаев Чолпон-Атада өткен көкбөрі бойынша әлем чемпионатының ашылу салтанатында өнер көрсетіп, Садыр Жапаровқа арнап сөз сөйлеп, екі халықтың достығын жырлаған болатын.
Qazaq.today