Фото: courtesy image
Айыпталушы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы керек еді, алайда жарияланған рақымшылыққа байланысты мерзім қысқартылды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Араван ауданының соты (Ош облысы, Қырғызстан) Ресей жағында Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін азаматтың мүлкін тәркілеумен жалпы режимдегі колонияда бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Сотталған шет мемлекеттің аумағында қарулы қақтығыстарға немесе әскери әрекеттерге қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.
Баптың санкцияларына сәйкес, айыпталушы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы керек еді, алайда жарияланған рақымшылыққа байланысты мерзім қысқартылды.
Қырғызстан, сот, Украина