Бішкек, Qazaq.Today – Қала басшысы Айбек Джунушалиевтің бастамасымен Бішкекте шенеуніктерге жеке көліктерімен жүруге шектеу қойылды. Жаңа ережеге сәйкес әкімдік қызметкерлері аптасына екі рет автобуспен қатынауға міндетті.
Ведомстволық және аумақтық бөлімдердің, муниципалды кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері сейсенбі мен бейсенбі күндері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуге тиіс. Әр шенеунік автобустың санитарлық тазалығын және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылап, ай сайын есеп береді.
Қызмет көліктерін тек жұмыс уақытында ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Жаңа шара кептелісті азайтып, қоғамдық көлікке сұранысты арттырады деп күтілуде.
Бұл жаңалық қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетуге және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.