Фото: Telegram/Jogargy_sot
Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова сот үкіміне қатысты шағым түсіретінін айтты. Олар айыпталушының 24 жыл түрмеде отыратынына қарсылық білдірмек, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
«Иә, біз апелляцияға береміз. Әрине, біз үкіммен келіспейміз. Нақты жоспарымыз туралы айта алмаймын. Қолымызға тиісті құжаттарды алмадық. Біз оларды үкім жарияланғаннан кейін бес күннен кешіктірмей қабылдауымыз керек», — деді адвокат Orda.kz тілшісіне
Егер Қуандық Бишімбаевқа кесілген үкім өзгермесе, айыпталушы жазасын Аршалыдағы түрмеде өтейді. Ақмола облысы Аршалы ауданында орналасқан Астана қаласы ҚАЖД-ға қарасты №2 мекемеде аса ауыр қылмыс жасағандар отырады.