Алматыда құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер сүріледі. Қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Қала әкімінің сөзінше, қазірігі уақытта Зерделі шағын ауданында тұрғындар үшін қауіпті екі нысан бар.
«Тұрғындардың өтініші бойынша, жыл соңына дейін бұл үйлер сүріледі. 30 соттық жерге балалар алаңы мен жасыл саябақ аймағы салынады», — деді Ерболат Досаев.
Әкім, өзге де нысандарға сейсмо күшейту жұмыстары жүргізілетінін алға тартты. Сондай-ақ, Зерделі шағын ауданындағы қисайған үйлерді түзеу жұмыстары 23 үйге жүргізіліп, аяқталғанын мәлімдеді. Қалған 7 нысандағы мұндай жұмыс жыл соңына дейін бітеді. Ал Момышұлы көшесіндегі жерасты өткелдері қазан айының соңына дейін қалпына келтірілмекші. Жыл соңына дейін аудандағы 81 көшеге 30 шақырым арық салынатыны да белгілі болды. Одан бөлек Боралдай кентіндегі егізгі орталық көшенің жолы келесі жылы жаңарады. 2011 жылы кенттің батыс бөлігі қалаға кірген. Алайда халық ауыз суды №39 мектеп-гимназиясынан шығатын судан ішіп отыр. Жартылай қазылған жол сол қалпы қалып қойған.
«Боралдай шағын ауданында биыл магистралды жүйе құрылыс жүріп жатыр. Осы құрылыс аяқталған соң, ішке кіретін желілерді ендігі көктемде сәуір айында бастаймыз. Су қарқыны бойынша, сіздер суды мектептен алатын болғандықтан, оның қарқыны төмен. Распредсеть келгеннен кейін сіздерді сонда қосып, мектеп суынан ажыратамыз. Бұл жұмыс келесі жылы сәуірде басталады», — деді Алматы әкімі Ерболат Досаев