Құрбанды онлайн шалуға болады – имам   

Құрбан онлайн түрде де шалынады. Адам өзі таңдаған малды видео жазба арқылы бақылай алады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігінің тілшісі. Алматыда құрбан айт кезінде сойылатын мал үшін 13 орын бөлінді. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспанның сөзінше, онлайн құрбандық шалудың тәсілі де белгіленген. Мұсылмандардың басты мерекесі саналатын құрбан айт 9-11 шілде аралығында өтеді.

«Құрбан айт мерекесі кезінде мұсылмандар қой, сиыр, ешкі немесе түйені құрбандыққа шалады. Құрбандық шалу адамның Құдайға деген рухани ниетін білдіреді. Мереке форматы өткен жылдың үлгісі бойынша сақталады. Құрбан шалуды Алматыда онлайн және офлайн форматта да жасауға болады», – деп түсіндірді Бас имам.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн-форматта құрбандық шалу үшін арнай www.qurban2022.kz сайтын әзірледі. Қашықтықтан қайырымдылық жасағысы келетіндер осы сайттан құрбандыққа шалынатын жануарды таңдап, көрсетілген мәліметтер бойынша қажетті қаражатты аудара алады. Төлеби Оспаның сөзінше, құрбандық шалудың бүкіл процесі бейнежазба режимінде өтіп, рәсімге тапсырыс бергендердің есімдері дұға жасау кезінде аталады.

Сонымен қатар, сайт арқылы барлық мұқтаж тұрғындар еріктілер жеткізетін құрбандық етін алуға өтініш қалдыра алады.

«Құрбандық шалуды офлайн форматта жүзеге асыру үшін Алматы қаласының әкімдігі 13 орынды бекітті, онда құрбандыққа шалынған малды союға және сатуға рұқсат етілген», – деді Алматы қаласының бас имамы.

Құрбан шалудың барлық орындарында, сондай-ақ қала мешіттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 9-11 шілде аралығында әкімдік, полиция, ветеринарлық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.

Ал Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай матрицасының «сары аймағында» тұрғандықтан, мерекені отбасылық шеңберде тойлаумен шектелуге, коронавирустың таралуын тоқтату үшін жаппай іс-шаралар өткізбеуге шақырды.

Құрбан айт мерекесі кезінде Алматы қаласының аумағында құрбандыққа шалынған малды союға және сатуға рұқсат етілген орындар тізімі:

Алатау ауданы:

– «Мырзахмет» мешіті, Қарасу ш/а, Солтүстік айналма тас жолы, 15;

– «Әскер ата» мешіті, Әйгерім-1 ш/а, Бенберин көш., 18/4;

– «Алғабас» мешіті, Алғабас ш/а, Ақбөпе көш., 6;

– Әл-Азим мешіті, Бұрындай ш/а, Азат көш., 20А.

Бостандық ауданы:

– «Бақыткелді» мешіті, Хан-Тәңірі ш/а, Дулати даңғылы, 27/11;

Жетісу ауданы:

– «Вайнах» мешіті, Айтықов көшесі, 1А.

Медеу ауданы:

– «Аманқұл ата» мешіті, Т.Бигелдинов к-сі, 5;

– «Фатима» мешіті, Ш.Жәнібек көшесі, 148;

– Райымбек батыр мешіті, Думан-1 ш/а, Хан Тәңір көш., 1.

Наурызбай ауданы:

– «Қалқаман-2» мешіті, Қалқаман-2 ш/а, Аспандияров көшесі, 84;

– «Қарағайлы» мешіті, Қарағайлы ш/а, Қ.Надыров көшесі, 1а;

– Таусамалы базары, Таусамалы ш/а, Қонаев көш., 35Б.

Түрксіб ауданы:

– «Қайрат» мешіті, Қайрат ш/а, Сарымолдаев көш., 22

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here