Атырау облысында мұнай компаниясына 13 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaq.today Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, «Каспий нефть» АҚ 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орындарын пайдалану нәтижесінде жиналған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарды жинауға рұқсат алмаған.
«Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесінде Атырау облыстық сотының сот коллегиясының 2 шілдедегі қаулысымен «Каспий нефть» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды», — делінген хабарламада.
Нәтижесінде бюджетке әкімшілік айыппұл өндіріліп, Ұлттық қор 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды.
Айта кетейік, KASE мәліметтеріне сәйкес, «Каспий нефть» акцияларының 100 пайызы Тимур Құлыбаевтың Joint Resources АҚ-на тиесілі