Қаңтарда Назарбаев ескертішінің құлағанын түсірген журналист Сандуғаш Дүйсенова уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы ҚазТАГ жазды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Ақпаратты бұл жағдаймен таныс дереккөз растаған.
Egov.press Telegram-арнасының жазуынша, журналисті Талдықорған полициясының қызметкерлері ұстаған. Алдын-ала мәліметтер бойынша ол Қылмыстық кодекстің 147-бабы (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша қамауға алынған болуы мүмкін.
Айта кетейік, Сандуғаш Дүйсенова Жетісу мен Алматы облыстарында әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген журналист ретінде кеңінен танымал. Оның Қаңтар оқиғасы кезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың демонстранттар тұғырынан құлатқан ескерткішін түсірген суреті кең таралған еді. Бұл туынды үшін журналист MediaCAMP Award 2022 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.
Qazaq.today