Таиландта дәретханаға отырған ер адамның жыныс мүшесін жылан шағып алды. Алып жылан оның мүшесін тістеген қалпы ажырамай қойған, деп хабарлайды Qazaq.today.
Танат Тангтеванон есімді тұрғын әлеуметтік желіге дәретханаға барғаны туралы видео жариялаған. Ол отыра бергенде үлкен жылан атылған күйі оның дәл жыныс мүшесін тістеген. Bangkok Post таратқан мәліметінде, ер адам мүшесіне жабысқан жыланды дәретхана тазалайтын құралмен ұрғылап өлтірген.
Қазір Танат ауруханада ем алып жатыр. Жылан улы емес болғандықтан жігіттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Елде жаңбырлы маусым басталғанда, жыландар кәріз жүйесі арқылы үйлер мен пәтерлерге жиі кіреді.
Фото: Bangkok Post