Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі және Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру дерегі бойынша «ҚТЖ» АҚ басшылығына қатысты соталды тергеп-тексеру бастады, — деп хабарлайды Qazaq.today Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Арызға сәйкес, келген алдын ала залал 1,5 миллиардтан асады. Тергеу процесі прокурорлар тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Qazaq.today