ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен байланысты үзді

Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

«Қазақстан темір жолы» Әлия Назарбаеваға тиесілі Instant Payments компаниясымен келісімшартты бұзды. Бұл туралы Сенат отырысынан кейін басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

El.kz мәліметінше,  қазіргі таңда электронды билет сатумен «Мобильный портал« ЖШС айналысып жатқаны белгілі болды.

«1 желтоқсаннан бері Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісім бұзылды, қазір “Мобильный портал” ЖШС жұмыс істеп жатыр. Компания байқау арқылы таңдалды. Олар электронды билет сату қызметін көрсетеді», — деді ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Сондай-ақ жаңа компания құрамында «Ескі Қазақстанның» ықпалды адамдары жоқ екенін де атап өтті.

«Бұл жеке компанияның иесі кім екенін реестрден тексере аласыз. Жаңа компания басшылығында «Ескі Қазақстандағы« танымал фамилиялар жоқ», — деді Әнуар Ахметжанов.