Қостанай қаласы Амангелді кентіндегі жарылыс орнындағы құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқару жұмыстары барысында 12 адам құтқарылды. Өкінішке қарай, қаза тапқан үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Қостанай қаласында газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан бір қабатты ғимарат толығымен опырылған болатын.
«Өрт аумағы – 5 шаршы метр. Соның салдарынан алдын ала есеп бойынша аумағы 280 шаршы метр бір қабатты ғимарат толық опырылған. Өрт 13:25-те оқшауланып, 13:52-де сөндірілді», — деп хабарлады облыс әкімдігі.
Өрт сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар қызметінің 263 қызметкері мен 61 техника және еріктілер жұмылдырылды.
Жедел штабтың хабарлауынша, ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі бойынша «екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Qazaq.today