Қостанайда құбыр ішінен тағы бір адамның сүйегі табылды

Қостанайда тағы бір адам қаңқасы табылды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, адам сүйектері Мәуленов-Досжанов көшелерінің қиылысында, құбыр ауыстыру орнында табылған.

«Кеше бұл жерден белгісіз екі адамның сүйегі табылған болатын. Оқиға орнында полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастырып жатыр», — делінген хабарламада.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Еске салайық, 4 шілдеде «ҚЖЭК» МКК жұмысшылары құбыр ауыстырып жатып жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінен адам қаңқасын тауып алған болатын.

 

Qazaq.today