Қостанайда Қазақстан-Ресей бірлескен форумы ашылды

Қостанайдағы Оқушылар сарайында «Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі» атты өңіраралық форум ашылды, деп хабарлайды Kazinform.

Бірқатар тақырып бойынша панельдік сессиялар жұмысын бастады. Қазақстан мен Ресей спикерлері қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АӨК саласындағы цифрлық технологиялар мен ауыл шаруашылығына жастарды тарту сынды тақырыптарды талқылап жатыр. Панельдік сессиялар аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшылары бейнебайланыс режимінде екі елдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Бүгін Қазақстанға ресми сапармен Ресей президенті Владимир Путин келгенін айта кетейік. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Qazaq.today