Қостанай облысындағы су басқан елді мекендерден 150 тұрғын құтқарылды

Фото: ТЖМ

Қостанай облысында су басқан аймақтардан 150-ден астам тұрғын тікұшақ арқылы құтқарылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Құтқарылған 150-ден астам жергілікті азаматтың 63-і – балалар.

Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі бүгін түнде республикалық жедел штабтың үйлестіруімен Қостанай облысындағы су басқан ауыл тұрғындары құтқарылғанын хабарлады.

«Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. Іс-шара Қорғаныс министрлігінің әуе кемелерінің көмегімен өтті. 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар», – делінген хабарламада.

Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.