Қостанай облысындағы табиғи өртке қатысы бар деген күдікпен жергілікті орман шаруашылығының басшысына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қостанай облысының прокуратурасымен 13 қыркүйекте «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы), – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сол күні мекеме басшысы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бүгін, 15 қыркүйекте сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
Аталған іске қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.