Қостанай облысында заңсыз 96 млн теңге субсидия алған агрокомпания басшысы сотталды

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы субсидиялары түріндегі бюджет қаржысын жымқыруға қатысты сот процесі аяқталды.

Қостанай облысында 96 млн теңге көлемінде заңсыз субсидия алған «Агропром Тrade 2030» ЖШС директоры бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды qazaq.today сайты Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасап.

2021 жылғы ақпанда «Агропром Тrade 2030» ЖШС директоры Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері және лауазымды тұлғаларымен субсидияланатын картоп тұқымдарын сатып алу – сату шарттарын жасасқан. Кейін көрсетілген шарттар негізінде Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына «Агропром Тrade 2030» ЖШС-не картоп тұқымын сатып алу кезіндегі шығындарды өтеуге тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген.

«Жүргізілген шаралар барысында іс жүзінде «Агропром Тrade 2030» ЖШС-нен картоп тұқымын ешқашан сатып алмағаны және өсірумен айналыспағаны анықталды, сонымен қатар кейбір ЖШС жұмыс істемейтін шаруашылықтар болып шықты, ал шаруа қожалықтары тек бидай жинаумен айналысқан», – деп көрсетті Қаржылық мониторинг агенттігі.

Ведомство мәліметінше өз ЭЦҚ ұсынып, сатып алу-сату шарттарын бекіткені үшін айыпталушылар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сыйақы беруге уәде берген, бірақ субсидияларды алғаннан кейін 1,5 млн.теңге сыйақыны тек бір шаруа қожалығының басшысына берген.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша, 2021 жылғы маусым – шілде кезеңінде мемлекетке 96 млн.теңге мөлшерінде залал келтірілуіне қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды.

Сот «Агропром Тrade 2030» ЖШС директорын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп таныды. Ол коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық-жауапты және басшы лауазымдарды атқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 5 жылға сотталды.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here