Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй берілді

Фото: Pixabay

Арқалық қаласының әкімдігінде қалаға көшуге және пәтер сатып алуға ниет білдірген Екідін және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарынан 24 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда 24 пәтер сатып алуға шарттар жасалды, 16 сәуірде жалпы сомасы 317 миллион 183 мың теңгеге қаражат аударылды.

Алғашқы тұрғындардың пәтерлерге келуі ағымдағы жылдың 17 сәуірінде басталды.

Қалаға көшкісі келетін ауыл тұрғындарынан өтінімдерді қабылдау жалғасуда.