Қостанай облысында бір ауыл түгел қауіпсіз жерге көшірілді. Нақтырақ айтқанда, облыстың полицейлері құтқарушыларға Қарасу ауданындағы Қарамырза кентінің тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті. Олардың арасында балалар, әйелдер және мүгедектер бар.
«Ауылдың 90-нан аса тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір олардың өміріне қауіп жоқ. Өз бетінше қозғала алмайтын тұрғындарды полицейлер түрлі құралдарды пайдалана отырып, көтеріп алып шықты», – деп хабарладыpolisia.kz.
Қарасу ауданы полиция бөлімінің бастығы Руслан Төлеубаевтың айтуынша, ер адамдар су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге қалған.
Қараусыз қалған үйлер жергілікті полицияның бақылауына алынды.