«Қорлық көрген»: Алматыда өз өзіне қол жұмсап қайтыс болған 27 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды 

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.  Басқа да мән-жайлар анықталуда», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі.

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай, жас қыздың қорлық көріп келгенін жазды.

«Айдай сұлу Айлун. Қазақтың тағы бір қыз отбасылық қорлық-зорлық құрбаны болып, өз өмірін өзі қиды. Небәрі 27 жастағы бойжеткен әлеуметтік желіде Айлун есімімен таныс. Smm, блогерлікті қарқынды дамытып келе жатқан ол ел алдына еліктің лағындай болып шыққанымен, камера артында оның мүлдем басқа өмірі өтіп жатты. Айлун инстаграм парақшасындағы соңғы жазбаларда: сүйіспеншілік, қарым-қатынас, зорлық-зомбылық жайлы жазба қалдырған еді. Сонда денесінің көгерген тұстарын, қолындағы үтік басқан күйіктерін көрсеткен.

Блогердің онлайн оқырманы көп болғанымен әлемде жалғыз қалғандай екен. Ата-анасынан ерте айырылған жетім қызды ағайын тәтесі қамқорлығында өсірген. Қазір бөлек тұрған.

Айлун өлер алдында артына хат қалдырыпты, онда өзін қорлап келген бұрынғы жігітінің есімі бар», -деп жазды журналист.