Қорғаста 27 шілдеден бастап багаж тасымалдау құны қымбаттайды

«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының басшылығы багажды тасымалдау тарифін 1 келісі үшін 100 теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

ШЫХО баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім Қорғас аумағында багажды тасымалдау қызметін көрсететін компаниялардың бірнеше рет өтініші негізінде қабылданған.

«Багажды қабылдау/беру бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту және туристердің/келушілерге ұсынылатын қызметті жақсарту мақсатында багаждың 1 келісі үшін багажды тасымалдау тарифін 100 теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылданды. Тариф 2024 жылдың 27 шілдесінен бастап багажды тасымалдаушылармен қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін күшіне енеді», — делінген хабарламада.

40