«Қорғас» ШЫХО жұмысы жанданады

24 сәуірден бастап «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қорғас» ШЫХО пандемияға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өткен.

«Өткен үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды.

Осылайша, 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап «Қорғас» ШЫХО қалыпты жұмыс режиміне қайта кірісетіндігін хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

 

Qazaq.today