Қорғаныс министрлігі әскерге күштеп әкетуге қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде шымкенттік жігітті көлікке күштеп кіргізіп жатқан видео тарады.

«Шымкентте жігіттерді қалай күшпен әскерге алып кетеді?! Сұмдық. Оларды көшеден алып кетіп жатыр, тіпті ата-анасына телефон соғуға да мүмкіндік бермейді!» дейді куәгер.

Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 22 сәуір күні Шымкентте қорғаныс министрлігінің шақыртулары бойынша келмей, әскерге шақырудан жалтарған әскери қызметшілерге іздеу жүргізілді. Соның нәтижесінде стансаға 6 мерзімді әскери қызметші әкелінді. Бұл туралы Qazaq.Today ақпарат агенттігі orda.kz сілтеме жасап хабарлайды.

«Рейдтік іс-шараның қорытындысы бойынша ата-аналар мен әскер қатарына шақырылғандар тарапынан қорғаныс бөліміне шағымдар түскен жоқ. Шақыру қағазын алған әскерге шақырылғандар шақыру учаскелеріне медициналық комиссиядан өтуге келмейді» деді министрлік.

Медициналық комиссиядан және мерзімді әскери қызметтен жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейді, деп еске салды Қорғаныс министрлігі.

Еске салсақ, бұған дейін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, әскерге шақырудан жалтарғандарға заң аясында ғана шара қолданылып жатқанын айтқан болатын.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here