Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында атыс болды. Атыс салдарынан 21 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Одан бөлек 21-24 жастағы жастар оқ жарақатын алды. Ал осы қылмысқа қатысы бар деген 29 және 27 жастағы күдіктілерге іздеу жарияланды. Алматы облысының полициясы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.