Қонаев қаласында жаңадан 3 медициналық нысан салынады. Мұны Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев брифинг барысында айтты.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024-25 жылдары 38 медициналық нысан салу көзделуде. Қонаев қаласында 800 төсектік көпбейінді аурухана, 500 келушіге арналған емхана, қалалық аурухана жанындағы инфекциялық блок салу жоспарланған», — деді облыс әкімі.
Жалпы Алматы облысында халыққа медициналық көмекті 398 медициналық ұйым көрсетеді (оның 58-і жеке). Медициналық жабдықтармен жабдықталу — 91% – 4, автокөлікпен — 44% — 4. Биыл «Қазақстан Халқына» қоры 1,1 млрд. теңге тұратын 2 жылжымалы медициналық кешен сыйға тартты. Олар жапондық компьютерлік томографпен, цифрлық маммографпен және УЗИ аппаратымен жабдықталған. Кешендер шалғай ауылдардың тұрғындарын скринингтен өткізуде.