Қонаев қалалық мәслихатының депутаты Тоқаевтан көмек сұрады

Қонаев қалалық мәслихатының депутаты ел Президентінен көмек сұрады. Тоқаевқа үндеу жасаған Рустам Жарлаев, үш баласына қатысты бұрынғы әйелінен көрген қорлықтарын айтты, деп хабарлайды Qazaq today ақпараттық агенттігі.

Айтуынша,  оның бұрынғы әйелі  Қырғызстанға кетіп қалған. Рустам Жарлаев пен Адия  Кенджиева  2011 жылы үйленіп,  олардың отбасында 2012, 2014 және 2015 жылы үш бала дүниеге келген. Алайда, 2018 жылы Алматы қаласының Жетісу аудандық сотымен олар ажырасқан.

Ажырасқаннан кейін Кенджиева балаларымен Қырғызстанға көшкен. Жарлаевтың айтуынша, сол сәттен бастап оның бұрынғы әйелі балаларымен кездесуіне және олардың тәрбиесіне қатысуына кедергі жасай бастаған. Арада бітпес дау туындаған.

«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, сізден көмек сұрауға мәжбүрмін. Мәселені жанжалсыз, татулықпен шешуге жасаған әрекеттерден ештеңе шықпаған соң,  мен сотқа жүгінуге мәжбүр болдым. 2021 жылғы 3 қарашада Бішкек қаласының Октябрь аудандық соты менің балаларыммен араласу кестесін құру туралы талабымды қанағаттандырып, айына екі рет, сондай-ақ қысқы және жазғы демалыста кездесуге құқық берді. Алайда, Кенджиева сот шешімінің орындалуына кедергі келтіруді жалғастырды, бұл Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 370-бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға себеп болды»,  — делінген депутаттың мәлімдемесінде.

Бішкек қаласы Октябрь аудандық соты Кенджиеваны сот шешімін орындамағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 200 АЕК (20 мың сом) мөлшерінде айыппұл салды және оны Қырғызстан Республикасынан шығаруға қаулы еткен. Кенджиева шыққан үкімге қарсы Бішкек қалалық сотына шағымданды, бірақ апелляция сот алғашқы шешімді күшінде қалдырған.

Жарлаевтың ресми өкілі адвокат Насыров Ильгиз,  екінші некеден туылған Кенджиеваның кіші қызының әкесі халықаралық іздеуде жүргендіктен, одан келісім алу мүмкін еместігін, сот шешімін орындау қиын екенін айтты.

«2024 жылдың наурыз айында Кенджиева Салимов Ильшаттан ұл туды, ол балаға әкелік құқығын алған жоқ. Сот үкімі шығарылғанына қарамастан, Кенджиева Қырғызстанда балаларымен бірге өмір сүруді жалғастыруда. Оның, өзін балалардан ажыратқысы келеді деген айыптаулары мүлдем шындыққа жанаспайды»,  — деді Рустам Жарлаев.

Ол өзінің  Кенджиеваны елден шығару жөніндегі сот процесіне ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті. Депутат  жеке өзіне бұл қажет емес екенін және оның басты мақсаты – балаларымен кездесу және олардың тәрбиесіне атсалысу мүмкіндігіне ие болу.

Депутаттың бұрынғы әйелі, балаларды ұрлады және тиран болды деген мәлімдеме жасаған. Жарлаев балаларын бұрынғы жұбайының рұқсатымен Қазақстанға алып кеткенін мәлімдеді. Шекара өтуде қажет болатын рұқсат құжаттарын Кенджиева өз еркімен берген. Кейін балалар анасына оралудан бас тартты. Нәтижесінде, қызы Жарлаевтан ұрланған, ал ұлы әлі де әкесімен бірге тұрады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Кенджиеваның айыптауларын,  Жарлаев жала жабу деп сипаттап, үзілді-кесілді жоққа шығарған.  Ол некедегі жеті жылда жұбайына ешқашан қорлық көрсетпегенін айтып отыр.

«Қырғызстанның жаңалықтар пабликтерінің бірінде, Кенджиеваның екінші жұбайы Салимов Ильшат шетелде жұмыс істеп жүр деген ақпарат жарияланған. Алайда, Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ильшат Салимовке іздеу салынған. Оған, сырттай, Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 263 (ұйымдасқан топтар мен қылмыстық қауымдастықтарды қаржыландыру) және 224 (ұйымдасқан топпен алдын ала сөз байласу арқылы, келісім жасауға немесе бопсалау мен зомбылық көрсету қауіпімен келісімнен бас тартуға, мәжбүрлеу және абайсызда ауыр зиян келтіру) баптары бойынша айып тағылды.

Сондай-ақ, Салимов Ильшаттың әкесі, Жогорку Кенештің V шақырылымының бұрынғы депутаты, «Мадина» базарының иесі және «Иттипак» ұйғырлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Салимов Турсунтай Аблизовичті атап өткен жөн. Ол, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) үш бап бойынша қозғаған, атышулы қылмыстық істердің қатысушысы: 261 («ұйымдасқан топ құру немесе оған қатысу»), 267 («қару-жарақ, оқ-дәрілердің заңсыз айналымы») және 37-122 («кісі өлтіруге оқталу»). Тергеу мәліметтері бойынша, бұрынғы депутат бәсекелестерін және басқа адамдарды қорқыту үшін, сондай-ақ олардың активтері мен бизнес-жобаларын қудалау және иемдену үшін, қылмыстық топтармен байланысын мезгіл сайын қолданған. ҰҚКК Салимовке 261-бап бойынша («ұйымдасқан топ құру немесе оған қатысу») айып тағылғанын растады. 2024 жылдың 22 наурызында Бішкек қаласының Октябрь аудандық соты уәде етілген 20 миллион доллардың 15 миллион долларын мемлекетке өтегеннен кейін, оны қамаудан босатты. Сондай-ақ, Салимов Турсунтайдың тағы бір ұлы, Ильшат Салимов туған ағасы, Ильзат Салимов ағымдағы жылдың 26 наурызында ұйымдасқан топтар мен қылмыстық қауымдастықтарды қаржыландырды деген күдікпен ұсталғанын атап өткен жөн»,  — делінген  депутаттың хабарламасында.

Кенджиева Адиям Нұрмұхамедовнаның әкесі, оның  күйеуі мен туыстарына қарағанда, әлдеқайда «қарапайым». Қазіргі уақытта Қырғызстанда біреудің пәтерін сатқаны үшін,оған қатысты  сот ісі жүріп жатыр. Сондай ақ, ол жазушы, Қырғызстанда таратуға тыйым салынған «Мен ұйғырмын» кітабының авторы.

«Рустам Жарлаев пен Адиям Кенджиеваның хикаясы отбасылық дауларға байланысты сот шешімдерін орындау кезінде туындайтын қиындықтардың айқын үлгісі болып табылады. Бұл даулы жанжал барлық қатысушылардың құқықтарын сақтаудың маңыздылығын және әділ сот талқылауының қажеттілігін көрсетеді»,  — деді Президенттен көмек сұраған депутаттың адвокаты.