«ҚазМұнайГаз» және «Бәйтерек» компанияларында аудиторлық тексеріс басталды

Фото: gov.kz

Жоғары аудиторлық палата «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және оның жекелеген еншілес ұйымдарының активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізуді бастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Сонымен қатар «Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қарызды басқару тиімділігіне аудат жасалып жатыр.

Атап айтқанда:

  • «Қазақстан Даму Банкі» АҚ;
  • «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ;
  • «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ;
  • «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.
50