V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау және ұлттық мұраны насихаттау аясында бұл стратегиялық ойын горизанталь бағытта 108 шақырымды еңсеріп, 28 324 метр биікке көтерілді. Ұшу барысында төменгі температура -55°С — ге жетті.
Бұл туралы Республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының Президенті Әлихан Байменов Тоғызқұмалақ күнін атап өту кезінде баяндады.
“Адамзаттың ең ежелгі логикалық ойындарының бірі жер бетіндегі адамдардың ақыл-ой деңгейімен шектелмей, оның шеңберінен шығып кетті. Мұндай символикалық қадам көшпенділердің мәдени мұрасын жоғары технолониялар әлемінде сақтаудың маңызын айшықтай түсті. Стратосфераны бағындырған жалғыз үстел ойыны — осы тоғызқұмалақ”,-деді Байменов.
10