Қазақстанның бес өңіріндегі арнайы операция: ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ ІТ маманын майнингке мәжбүрлеген.

«Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, ҰҚК бесінші департаменті және Алматы қаласы бойынша Полиция департаменті Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстары аумағында бірлесе отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Барлығы 23 адам ұсталды. Қылмыстық топ мүшелері, бұрын сотталғандар және қылмысқа бейім адамдар, оның ішінде қару қолдану арқылы қылмыс жасау және зорлық-зомбылық жасауға маманданғандар. Бұл қарызды өндіріп алу, бопсалау, сондай-ақ заңсыз өндірумен айналысатын тұлғаларға қолдау жасайтындар», – деді ІІМ баспасөз хатшысы Ақтоты Боранова.

ІІМ мәліметінше, қылмыскерлер ай сайын 300-500 мың доллар көлемінде Алматы облысы Талғар ауданы аумағында майнинг өндірушілер есебінен пайда тапқан.

«Заңсыз майнинг өндіруші фермаларды тінту кезінде қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды. Қылмыскерлер 36 жастағы IT маманын қылмыстық есепшотқа отырғызып, оны қорқытып, майнинг жұмысын ұйымдастыру үшін бопсалаған.

Заңсыз сақталған қарудың орнын анықтау бойынша іс-шараларды жүргізу кезінде топтың үш мүшесі ұсталды, олардың бірі әскери қызметші. Олардан АКСУ автоматы, 60 патрон және «Сталкер» және «Ретай» тапаншалары тәркіленді, – делінген ІІМ хабарламасында.

Тінту жұмыстары нәтижесінде жедел уәкілдер айғақтар мен қылмыс құралдарын, қара бухгалтерияны, сондай-ақ жалпы құны 7 миллион долларға жуық майнинг жұмысына арналған 6 мыңнан аса техниканы, «Макаров» тапаншасын, 3 дана жалған мемлекеттік нөмірлерді тәркілеген.

 

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here