Қазақстанның бес облысында қуаңшылық болуы мүмкін

«Қазгидрометтің» болжауынша, маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады, деп хабарлайды Qazaq.today.

«Сонымен бірге, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта жекелеген аудандарында қалыпты құрғақшылық аймақтары күтілуде», — делінген хабарламада.

 

Болжам бойынша орташа құрғақшылық күтілетін өңірлер:

    • Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында,

 

    • Қостанай облысының Амангелді және Жаңғылда аудандарында,

 

    • Қызылорда облысы Қармақшы ауданында,

 

    • Ақмола облысы Жақсы ауданында,

 

    • Қарағанды ​​облысы Шет ауданында.

 

Qazaq.today