Қазақстанның 48 млрд долларға бағаланған 25 кен орны аукционға қойылады.
Министр Марат Қарабаевтың айтуынша, процесс толығымен цифрландырылған. Адамның араласуынсыз, онлайн өтеді. Қазақстандық немесе шетелдік кез-келген адам қатысып, өз бағасын ұсына алады.
Министр сатып алған кәсіпкермен 10-20 жылға келісімшарт жасалатынын айтты. Кейін әр жылы өзінің жұмыс бағдарламасымен министрлікпен келісіп отырады.
Аукцион 26 мамырға жоспарланған. Министрлік аукцион арқылы қосымша инвестиция тарту елдің тау-кен өнеркәсібі инфрақұрылымын жақсартуға ықпал ететініне сенім білдіріп отыр.
Qazaq.today