Қазақстанға Тоқаевтың шақыруымен Корея Республикасының Президенті келеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.