Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп кетті.
Осыған дейін Путинцева Швентектен бір сет басым түсіп көрмеген еді.
Кездесу үш сетке созылып, Путинцева 3:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең ірі жеңістердің бірі.
1/8 айналымда Юлия Путинцева латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да Уимблдонның төртінші айналымына шықты. Қазақстанның үздік теннисшісі даниялық Каролин Возняцкиді 57 минут ішінде 6:0, 6: 1 есебімен жеңді.