Қазақстандық теннисші тағы да жеңімпаз атанды

Теннисші Елена Рыбакина кезекті ойында қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Qazaq.today порталы.

Ол Германияда өтіп жатқан турнир финалында украиналық Марта Костюкпен кездесіп, оны ойсырата жеңді. Нақтырақ, Рыбакина Костюкты екі сетте – 6:2, 6:2 ұпайымен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.