Қазақстандық спортшы жеңілмеген өзбекстандық қарсыласын бір минутта ұйықтатып тастады

Фото: Octagon

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Саят Абдуали Octagon 60 турнирінде өзбекстандық қарсыласын бір минутта ұйықтатып тастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Шавкат Рахмоновтың ізбасары саналатын Саят Абдуали Octagon 60 турнирінде өзбекстандық Фахриддин Хошимжановпен жұдырықтасып, бір минуттың ішінде қылқындыру әдісімен жеңіске жетті. Мансабында жеңіліп көрмеген, 21 жастағы өзбекстандық спортшы бірден күреске кіріп, Саятқа қысым көрсетуге тырысқанымен отандасымыздың “ұшбұрыш” әдісіне түсіп, ұйықтап қалды. Осылайша Абуали шаршы алаңда алтыншы рет уақытынан бұрын жеңіске жетті. Жекпе-жектен соң, отандасымыз тағы бір танымал өзбек спортшысы, Амирхон Алиходжаевты жекпе-жекке шақырды.