Қазақстандық сарбаз қыз әскерде қысым көргенін мәлімдеді

Әскерде борышын өтеп жүрген қыз командирлер тарапынан қысым көргенін айтты деп хабарлады Qazaq.Today тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы Шеңгелді елді мекеніндегі 54179 әскери бөлімінде борышын өтеген қыз «НеМолчиKz» қоғамдық қорына жүгінен. Ол 2019 жылдың желтоқсанында үш жыл мерзімге қызметке шақырылғанын, бірақ мерзімінен бұрын босатылғанын айтты. Әскери қызметшіге батальон командирлері келісімшарт бойынша қызмет етуге кедергі келтірген.

Қыздың айтуынша, әскери бөлімде қызмет ете бастаған сәттен-ақ батальон командирі қыр соңына түсіп, қысым көрсеткен.

«Оған бағынышты офицерлер ештеңені байқамағандай түр танытып, ал әскери бөлім қолбасшылығы (…) ешқандай шара қолданбады», – дейді қыз.

Оның айтуынша, ол әскери бөлім басшылығына бірнеше рет жүгінген. Бірақ: «Әдемі қызсың, жеке өміріңе араласпаймыз, мен сенің ағаң емеспін, командирді таңдамайды, сені ешкім әскерге қолыңнан сүйреп әкелген жоқ», – деген жауап алған.

Қыз псориаз және гастритпен әскери госпитальға түскенін айтты. Оның айтуынша, батальон командирі басқа бөлімшеге ауыстырылған, ал батальон командирінің орнына оның жақын досы келген. Ол осыдан кейін жәбірлеу, қорлау, қысым көбейе түскеннін айтты.

Қыз әскерден кеткен. Ол мүгедек анасы мен інілерінің жалғыз асыраушысы, әкесі жоқ екені белгілі болды. Ол өзін қорлағандарға шара қолдануды сұраған.

Қорғаныс министрлігі өкілдері шұғыл комиссия құрылғанын, ол әскери бөлімге барып, оқиғаны егжей-тегжейлі зерттеуге кіріскенін мәлімдеді.

«Қатардағы Елшібаеваның әлеуметтік желіде жариялаған деректері расталса, кінәлілер жұмыстан босатылып, қылмыстық іс қозғалғанға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы қорғаныс министрінің жеке бақылауына алынды», – деді ведомство өкілдері.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here