Қазақстандық полицейлер пара ұсынушылардың көп екеніне шағымданды

2023 жылдың қаңтарында полиция қызметкерлеріне 34 рет пара ұсынылған. Бұл былтырғы қаңтар айымен салыстырғанда 3 есе өскен, деп хабарлайды Qazaq.today

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов құқық қорғау қызметкерлерінің парасаттылығын тексеретін пилоттық жоба іске қосылғаннан кейін, полицейлер пара берушілер туралы хабарламаны жиілеткен.

ІІМ мәліметінше, лауазымды адамға пара бергендерге айыппұл салынады немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Qazaq.today