Қазақстандық оқушылар халықаралық пәндік олимпиадада 23 медаль жеңіп алды

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олар 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы мен отандық ЖОО-да оқуға гранттар алады. Бұл туралы qazaq.today сайты Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап хабарлайды.

Ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда қазақстандық оқушылар 3 алтын, 13 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Яғни аралық қорытынды бойынша ұлттық құрама қоржынында 6 пән бойынша 23 медаль бар.

Математикадан халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған. Команд 174 ұпай жинап, еліміздің олимпиадаға қатысу тарихындағы жаңа рекордын орнатты. Бұл соңғы 12 жылдағы үздік нәтиже болды.

Физикадан халықаралық олимпиадада оқушылар 1 алтын, 4 күміс медальға ие болды. Бұл соңғы 8 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. Ал географиядан өткен халықаралық олимпиадада екінші жыл қатарынан алтын медаль жеңіп алды. Биыл да 1 қола медальға ие болды.

Биологиядан халықаралық олимпиадаға қатысушылар 3 күміс және 1 қола жеңіп алып, былтырғы нәтижелерін жақсартты.Зияткерлік сайысқа қатысқан жас химиктер 1 алтын және 3 күміс жеңіп алды.

Сонымен қатар қазақстандық оқушылар лингвистикадан халықаралық олимпиадада алғаш рет 2 қола медаль жеңіп алды.

«Алдағы уақытта информатикадан халықаралық олимпиада өтеді. Мен оқушыларымыздың халықаралық олимпиадада ел намысын абыроймен қорғайтынына сенімім мол. Олимпиадаға қатысушылар мен жүлдегерлерге қажырлы еңбектері, күш-жігерлері мен табандылықтары үшін алғыс айтамын. Күнделікті жұмысы және жоғары кәсібилігі үшін әріптестеріме де рахмет айтқым келеді. Биыл Президенттің қолдауының арқасында алғаш рет оқушыларымыз 4,5 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақыға және ҰБТ-дан өтпей-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу үшін грантқа ие болады. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да біржолғы сыйақы алады», – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here