Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова екінші баласын дүниеге әкелді

40 жастағы қазақстандық өнер жұлдызы Мақпал Исабекова екінші баласын дүниеге әкелді. Ол бұл қуанышты жаңалығын өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, перзентханадан сәбиімен бірге түскен суретін көрсетті. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Сәлем Әлем! Альхамдулиллях, бізде қыз. Баршаңызға алғыс айтамын», — деп жазды музыкант.

Мақпал Исабекованың жазбасы астына әріптестері мен жанкүйерлері жылы лебіздерін білдіріп, құттықтауларын жолдады.

«Халықтың қызы болайын деп тұр ғой, қолымен Сәлем беріп тұрған! Бауы берік болсын!”, “Қандай қуаныш, шын жүректен құттықтаймын, Макося! Дені сау, сүйікті, бақытты болып өссін!», «Құттықтаймыз! Тез қалпыңызға келіп, ұйқысыз түндер аз болсын!», «Құттықтаймын, керемет жаңалық», – деп жазды желі қолданушылары.