Қазақстанда ұялы байланыс операторларына 3,2 млрд теңге айыппұл салынды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2023 жылы 782 тексеру жүргізілгенін және 3 млрд 288 млн теңге сомасында айыппұл салынғанын хабарлады.

Заңнамада көзделген жеңілдіктерді ескере отырып мобильді операторлар 1 млрд 644 млн теңге төлеген:

Tele2 – 751,4 млн теңге;

Kcell – 563,2 млн теңге;

Beeline – 329,4 млн теңге.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин байланыс сапасы нашар болған кезде байланыс операторлары клиенттерге абоненттік төлемдерін қайтаруды ұсынған болатын.