Қазақстанда тағы бір жаңа министрлік құру ұсынылды

Депутат бүгінде су саласының бағыттарын басқару мен реттеу 3 министрлікке бөлініп берілгенін атап өтті

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Қазақстанда су мәселесіне жауапты жаңа министрлік құруды ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Halyq Unі сайтына сілтеме жасап.

Оның пікірінше, елімізде су ресурстарының потенциалы әлі толық зерттелмеген, бағаланбаған.

«Осыған байланысты Экология министрлігінде дайындалып жатқан су тұжырымдамасының горизонтын 2025 жылға дейін емес, 2030 жылға дейін ұзарту керек. Бұл құжатты дайындауға, талқылауға арнайы ғылыми зерттеу институттары мен мамандарды кеңінен тартқан жөн», – деді Еділ Жаңбыршин Мәжілісте өтіп жатқан Парламанттік тыңдауда.

Депутат бүгінде су саласының бағыттарын басқару мен реттеу 3 министрлікке бөлініп берілгенін атап өтті.

«Тіпті трансшекаралық су ресурстарымен Сыртқы істер министрлігі де айналысып кетеді. Бақташы көп, нәтижесі мардымсыз. Көрші мемлекеттерді алып қарасақ, оларда су шаруашылығымен тиісті министрлік немесе агенттік айналысып отыр. Бұл мәселенің өзекті екенін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атап өтті. Сондықтан су саласына жауапты және Қазақстан атынан халықаралық деңгейде келіссөздер жүргізетін тиісті министрлік құрудың уақыты келген сияқты», – деді ол.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here