Қазірдің өзінде 50 мың қол жинаған петиция авторлары шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салуды талап етіп отыр, — деп хабарлайды Qazaq.today сайты Tengrinews.kz сілтеме жасап.
«Қолында билік пен қазына бар, лудоман-шенеуніктер ірі көлемдегі мемлекеттік ақшаны ойынға ұттырып жібереді, — делінген петицияның сипаттамасында. — Олар өз отбасын ғана емес, біздің отбасымызды да тонайды. Халық қызметшілерінен құмар ойын қызметшілеріне айналады. Алматы облысындағы казиноларды бір ғана ресми тексеру 305 шенеуніктің жарты миллиард теңгеден айырылғанын көрсетті. Орташа алғанда, әрқайсы шамамен 1,7 миллионды желге ұшырған».
Авторлар мұны тек бір тексеру көрсеткенін және бұл тек ресми түрде айтылған деректер екенін атады.