Қазақстанда тағы бір бала көкжөтелден көз жұмды

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда көкжөтелден тағы бір бала қайтыс болды. Бұл туралы елдің бас санитарлық дәрігері хабарлады, деп жазады Qazaq.today КТК арнасына сілтеме жасап.

Бала Ұлытау облысында қайтыс болды, ол әлі вакцинация жасына жетпеген екен. Бұл – елдегі екінші өлім жағдайы. 2024 жылы алғашқы оқиға Қарағанды облысында тіркелген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ай сайын көкжөтелмен 350-400 адам ауырады. Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, барлық науқастардың шамамен 90%-ы вакцина алмағандар.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды вакцинациядан бас тартпауға шақырады. Елде француздық вакцина қолданылады.