Қазақстанда несиесін уақытында төлей алмай жүрген 1,5 млн адам бар

Қазақстанда несиесін уақытында төлей алмай жүрген 1,5 млн адам бар. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

Агенттік өкілінің айтуынша, олар 3 айдан бері несиесін төлемеген.

Биыл 1 сәуірдегі мәлімет бар. Тұтыну несиесінің жалпы сомасы 14,2 трлн теңгеге жетті.  Оның ішінде 90 күннен асқан, яғни мерзімі өткен несиелердің үлесі – 1,6 трлн теңге. Тұтыну несиесін алғандардың саны – 8,4 млн адам. Оның ішінде 90 күннен аса уақыт қарызын өтемеген 1,5 млн адам тіркелді, — деді Олжас Қизатов.