Эксклюзивті мазмұн:

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Қазақстанда бір баланы теннис үйірмесіне апару үшін қанша қаражат жұмсалады?

Тарихта алғаш болған құбылыс үнемі қоғамның сол дүниеге деген ынтасын оятады. Қазақ боксшылары Олимпиаданың алтындарын ала бастаған жылдары бокс қалай танымал болса, теннисші Елена Рыбакинаның ең элиталы жеңісті алуы да қазір Қазақстандағы теннис спортын жан-жақты тануға, зерттеуге түрткі болып отыр, – дейді qazaq.today сайты Азаттық рухы тілшісіне сілтеме жасап.

Осы ретте Azattyq Ruhy тілшісі Рыбакинаның жеңісіне дейін де баласын тенниске беріп, оның жаттығуына күш-жігерін арнап жүрген ата-аналармен сұхбаттасты.

Алматы қаласында тұратын Думан Бықайдың тоғыз жасар қызы тұрақты түрде тенниспен жаттығады. Әуел баста, алты жасында баласының үйірмесі үшін айына 15 мың теңге төлейтін Думан қазір тоғыз жасар сол қызының бір айлық үйірмесіне 85 мың теңге төлейді.

«Жаттықтырушылар біраз уақыт бойы баланың қарымын байқап көрді. Алты жасар қызымның физикалық ерекшелігі тенниске келді, сондықтан қызым теннис спортында қалды. Басында аптасына үш рет қана дайындалатын қызым қазір күнде жаттығуға барады. Жеті жасында айына 30 мың теңге төледік. Ерекше айта кетерлігі, тенниске баратын бала міндетті түрде фитнеспен де шұғылдануы керек. Оған қосымша ай сайын 15 мың теңге төлеп жүрдім. Яғни жеті жасында қызымның теннисі үшін бір айлық ақы 45 мың теңге болды», – дейді Думан Бықай.

Баласын кәсіби тұрғыда одан сайын дамыту үшін Думан баласын Алматы қаласындағы жақсы теннис клубтарының біріне ауыстырған. Өйткені, сол клубтың бапкерлері ұнаған.

«Тиісінше, клубтың бағасы да қымбат болды, айына 50 мың теңгеге жетті. Ай сайын 15 мың теңге төлейтін фитнес сол қалпында қалды. Сегіз жасар қызым күн сайын бір жарым сағатын тенниске арнап жүрді. Тоғыз жасынан бастап күніне үш сағат жаттығуы керек болды. Оның екі сағаты – теннис, бір сағаты – фитнес. Сонда, қазір тоғыз жастағы баламның бір айлық теннис үйірмесіне 85 мың теңге төлеймін», – дейді ол.

Думан теннис спорттың қымбат түрі деген пікірмен толық келіседі. Бірақ ол спорттың осы «элитасына» қазақ балалары да келіп, топ жарса, жеңіске жетіп, мол гонорар алса екен дейді.

«Иә, тенниске баласын үздіксіз апару үшін қазір кез келген адамның қалтасындағы қаражат жетпейді. Бірақ біздің дәуірде ата-анамыздың балаларын оқытып, дамытатын мүмкіндігі болмады. Сондықтан, мен қазір бүкіл тапқан табысым мен энергиямды балаларыма бағыттағым келеді», – дейді Думан.

«СОЛ ЖАҒАЛАУДАН ҚАРАҒАНДА ОҢ ЖАҢАЛАУ АРЗАНЫРАҚ»

Астана тұрғыны Жәния Мұқышева қазір баласын ай сайын 20 мың теңге төлеп, тенниске баулып жүр. Үйірмеден бөлек, ол тенниске арналған аяқ киім мен құралдың қымбат екенін айтады.

«Ата-ана ретінде баламды тенниске апаруға түрткі болған мәселе – оның денсаулығы. Қызым ең алғашында балет үйірмесіне барды, бірақ аяғында белгісіз ісік пайда болып, дәрігер оған спортпен шұғылдану керек дегенді айтты. Жасы кішкене болған соң жүзуге бара алмады. Зерттей келе, дәрігердің айтқанын ескеріп, адамның бүкіл бұлшық еті жұмыс істейтін осы теннисті таңдадық», – дейді Жания.

Оның айтуынша, балалар теннисіне мемлекет тарапынан қолдау аса қажет. Рыбакинаның жеңісі үшін қатты қуанатынын айтқан ол баланы сондай жеңістерге жеткізу үшін негізгі үш фактор, атап айтсақ, үздіксіз жаттығу, мықты жаттықтырушы және баланың денсаулығы маңызды екенін айтады.

«Ал баланың  денсаулығы жақсы болу үшін күтім керек. Әрине, мемлекеттен де қолдау керек. Болмаса, ата-ана баласын шет елдерде де жаттықтыра алатындай қалталы болу керек», – дейді Жания Мұқышева.

Оның айтуынша, үйірме мен өзге шығындардан бөлек,  сапалы аяқ киім мен ракетканың өзі өте қымбат келеді. Расымен, ашық дереккөзден баланың аяғына ыңғайлы, ұзаққа шыдайтын, тенниске арналған аяқ киім іздеп едік, аяқ киімнің орташа бағасы 29 мың теңге болатынын көрдік.

«ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ҮШІН БАЛА ТАБЫСТЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗІ ЕМЕС»

Қазақстан теннис федерациясының мәліметіне сүйенсек, қазір елімізде сертификаты бар 200-ден астам жаттықтырушы бар. Оның ішінде 44 жаттықтырушы Level 1 ITF деңгейін алған, 14-і Level 2 ITF деңгейін алған. Біз хабарласқан жаттықтырушылар коммерциялық құпияны алға тартып, орташа айлық табысын айтудан бас тартты.

Ал Думан Бықайдың айтуынша, қазір тенниске барып жүрген бала үлкен спортты бағындырмай, болашақта жаттықтырушы болса да табысты адам болады.

«Білуімше, жаттықтырушылардың өзі айына кемі 1 млн теңге жалақы алады. Ал мен сөйлескен жаттықтырушы баланың үйірмесінен түсетін қаражат олардың негізгі табыс көзі емес екенін айтқан еді. Олар тек балаға деген ізгі ниеті, балалар теннисін дамытуға деген жеке ынтасы үшін ғана сабақ береді. Ал олар көбінесе тенниске қызығатын бай азаматтарды теннис ойнауға үйреткеннен көп ақша табатын көрінеді», – дейді Думан Бықай.

Қазақстанның теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польскийдің айтуынша, Рыбакинаның жеңісінен кейін баласын тенниске бергісі келетін ата-аналардан өтініші қарша бораған.

«Елде үлкен серпіліс пайда болды. Бұл теннистің жаңа қарқынымен дамуына жол ашпақ», – деді Юрий Польский.

Ал Елена Рыбакина болса, Уимблдон матчынан түскен қаражаттың бір бөлігін және Қазақстанның теннис федерациясы берген сыйақыны түгелдей балалар теннисін қолдауға беретінін мәлім етті.

Соңғы

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімі өрт сөндіру қызметінің...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады. «Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Іздеу жұмыстары...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here