Фото: aboutamazon.com
Қазақстан Илон Масктің Starlink интернетіне балама болатын Amazon Kuiper спутниктік интернет қызметімен келісімге қол қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті.
Айта кетейік, Астанада цифрлық инклюзия және трансформация бойынша Орталық Азиядағы алғашқы Азия-Тынық мұхиты министрлер конференциясы өтіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түрлі келісімдерге қол қою жоспарланған.
Цифрлық даму министрі ең маңызды келісімдердің бірі Amazon Kuiper интернет қызметімен жасалатынын айтты.
Amazon Kuiper — спутниктік интернет қызметін ұсынатын спутниктік шешім. Starlink, OneWeb-тің баламасы. Менің ойымша, осы бағытта бәсекелестікті дамыту арқылы біз азаматтар үшін қолайлы бағада сапалы қызметтер ала аламыз, — деді Жаслан Мәдиев Астанада цифрлық инклюзия және трансформация конференциясында.