Қазақстан ресейлік «Спутник V» вакцинасын шығаруды тоқтатты

Қарағанды фармацевтика зауыты ресейлік «Спутник V» вакцинасын шығаруды доғарды. Бұл туралы 28 сәуірде Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова хабарлады, деп жазды Азаттық.

Оның айтуынша, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы төрт миллионнан астам вакцина бар, ол «вакцинация мен ревакцинацияға жетеді». Сол себепті «қосымша вакцина шығарылмайды, сатып алынбайды», деп мәлімдеді бас санитар дәрігер.

«“Спутник V” вакцинасын сатып алу жоспарда жоқ. Қарағанды фармкомбинаты вакцина шығарғанға дейін жасаған дәрілерін жасай береді», — деді Есмағамбетова.

Қазақстан реселік «Спутник V» вакцинасын халыққа салдыру науқанын 2021 жылғы ақпанда бастады. Сол кезде вакцинаның бұл түрі Қазақстанда ресми тіркелмеген еді.

Қазақстан «Спутник V» вакцинасын Қарағанды фармзауыт базасында өндірді. Оның қожайындарының бірі – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев.

17 наурызда қаржы мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевты «квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде ақша жымқырды» деген күдікпен ұстағанын хабарлады.

Содан кейін ғана Қазақстан Pfizer компаниясы вакциналарын азаматтарға жаппай еге бастады. Билік бұл жағдайдың Боранбаевтың қамауға түсуіне ешқандай қатысы жоқ деген.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here