Қазақстан мен Литва туризмді бірлесе дамыту туралы келісімге келді

Қазақстан мен Литва туризмді бірлесе дамытпақ. Қос мемлекеттің өкілдері Литваның Вильнюс қаласында кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы.

Қазақстан Республикасы тарапынан делегацияны Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев бастап барды. Жұмыс тобына Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің, «Kazakh Tourism» ҰК «АҚ, сондай-ақ «Шымбұлақ» тау-кен курортының өкілдері енген. Олар Литва Республикасы Экономика және инновациялар вице-министрі Винцас Юргутис бастаған жұмыс тобымен кездесіп, өзара келісімге отырды.

Вице-министр Еркінбаевтың сөзінше, пандемиядан кейін Қазақстан туризмінің негізгі көрсеткіштері қалпына келтіріліп қана қоймай, 2019 жылғы көрсеткіштерден де асып түскен. Қонақүйлерге 610 мың шетелдік туристі тоқтаған. Өткен жылдың қортындысы бойынша шамамен елге келген туристердің саны 1 млн. адам деп болжаған.
Литвалық тарап Қазақстандағы экотуризм мен тау шаңғысы туризмі сияқты ұсыныстарды оң қабылдаған. Тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Бұдан басқа, елдер сауықтыру, тұрақты туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға, B2B байланыстарды ынталандыруға ниетті. Қазақстан жағы Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» таулы курортында Литваның туризм күндерін және Вильнюс қаласында Қазақстанның туризм күндерін өткізуді ұсынды. Екі тарап кездесудің қортындылары бойынша құжаттарға қол қойды.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here