Қазақстан экономикасының өсімі соғысып жатқан Ресейден неге төмен

Бірінші болып жауап берген Ерұлан Жамаубаев мұның бірінші себебін 2022 жылы Ресей экономикасында құлдыраумен байланыстырады. Оның айтуынша, былтыр логистика, тауар өткізу бойынша көп саладан кем қалып, экономикаға -2 пайыз төмендеген.

«Ал биыл олар былтырғы деңгейге әлі жеткен жоқ. Логистика, тауар тасымалы жағынан қазір олар өз экономикасын әртараптандырып жатыр. Қытай, Үндістан, Азия мемлекеттеріне тауарларын шығара бастады. Көп жағдайда мұнай мен газ. Сондықан олардың экономикасында аздап жандану білінді», — дейді Жамаубаев.

Вице-премьердің сөзінше, Қазақстан экономикасы былтыр да 5 пайыз өсімді көрсеткен. Үкімет мүшелері биыл да сол 4,7 пайызға жетіп, былтырғыға жақындаған.

«Яғни бізде төмендеу болған жоқ. Пандемия кезінде де бізде экономкиалық өсім болған. Алдымызда тұрған мақсат, президенттің де қойып отырған тапсырмасы – орта мерзімде 6-7 пайызға дейін өсу. Үлкен инвестициялар келсе, салық көбейеді. Сол кезде халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік туындайды», — деді Жамаубаев.

Ал Әлібек Қуантыровтың айтуынша, былтыр соғыс бастағалғаннан кейін Қазақстанда экономикасы өскен.

«Біздің мақсат – жалпы ішкі өнімді, жалпы экономиканы екі есе көтеру. Жеті жылдың ішінде соны көздейміз. Біздің экономика 2023 жылы жалпы экономика 225 млрд АҚШ долларын құрады. Енді оны кемі 450 млрд АҚШ долларына көтеру мақсатымыз бар. 2030 жылға дейін экономиканы 475 млрд АҚШ долларына дейін көтереміз. Кемінде 6-7 пайызға өсу керек. Ресейде оң өсім болса, ол бізге де жақсы. Себебі экономикаларымыз байланысты», — дейді Қуантыров.

 

Дереккөз: ulysmedia.kz