«Қазақмыс» компаниясының кенішінде 2 жұмысшы мерт болды

«Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде қайғылы оқиға болған, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды.

«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген компанияның хабарламасында.

Осыдан бір апта бұрын «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында машинист жұмыс кезінде жазатайым жағдайда қайтыс болған еді.

Qazaq.today